Басшылық

ЖАЗЫЛБЕК ҰЛАН ЕРКІНҰЛЫ
ЖАЗЫЛБЕК ҰЛАН ЕРКІНҰЛЫ
Президент

1962 жылғы 17 қараша күні Алматы облысында туған.

1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институты, 2009 жылы Д. Қонаев атындағы университетте білім алды.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016) мемлекеттік наградаларын алған.

Түрлі жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілігінің Құрылыс және ТҚШ саласын дамыту департаментінің директоры сияқты лауазымды қызметтерді атқарған.

2017 жылдың қарашасынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2018 жылдың наурызынан бастап Павлодар облысы футбол федерациясы қауымдастығының президенті.

РОМАНОВ РОМАН СЕРГЕЕВИЧ
РОМАНОВРОМАН СЕРГЕЕВИЧ
Вице-президент

2018 жылдың наурыз айында «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның президенті болып тағайындалды.

Роман Романов Қазақ мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1997-2001 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкінде экономист, банктік бақылау департаментінің №1 банкілік бақылауды преденциалдық реттеу басқармасының меңгерушісі, банктік бақылау департаменті лицензиялау мен банкілік аудитті бақылау секторының меңгерушісі, қызметі тек банкілік басқарудан ғана тұратын ұйымдарды бақылау бөлімінің басшысы, банктік бақылау департаментінің банкілік операциялардың жекелеген түрлерімен ғана айналысатын ұйымдарды бақылау бөлімнің жетекшісі және банктік бақылау департаментінің бас маман-экономисті және бас экономисті болып табысты еңбек еткен.

2016 жылдың шілде айынан бастап - Павлодар облысы футбол федерациясы қауымдастығының вице-резиденті.

Роман Романов елдің әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» салалық белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. 2016 жылдан бері Павлодар облыстық мәслихатының депутаты.