Туған күн құтты болсын!

31.07.2018
Туған күн құтты болсын!

Павлодар облысының футбол федерациясы мен «Ертіс» ФК футбол ардагері Гнездилов Николай Борисовичты 60 жасқа толуымен құттықтайды.

Жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына айналған Николай Борисович футболдық мансабын 1976 жылы «Трактор» сапында бастаған. Барлығы жасыл алаңда 367 матч өткізіп, 14 рет мергендігімен көзге түсті. Өзінің сенімді ойынымен Николай Гнездилов команданың негізгі футболшыларының біріне айналды. Өз ісінің кәсіби шебері атанған ол мыңдаған жанкүйерлердің жүрегінен орын алды.

Футбол сүйер қауымның атынан Сізді 60 жас мерейтойыңызбен құттықтаймыз. Өмір жасыңыз ұзақ, әр күніңіз қуанышқа толы болсын. Сіздей футболшыларды біз мақтан тұтамыз!