«Ертіс» - «Тобыл» ойыны бір минуттық үнсіздікпен басталды

09.05.2018
«Ертіс» - «Тобыл» ойыны бір минуттық үнсіздікпен басталды

Футболшылар алаңға шыққан соң тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Әнұраны Естай атындағы мәдениет сарайының инструменталды ансамблінің сүйемелденуімен орындалды. Бұдан кейін ойыншылар бір минуттық үнсіздікпен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға құрмет көрсетті.

Алғашқы таймда қонақтар допқа көбірек иелік етті. Алайда, ұтымды шабуылдары «Ертістің» қорғанысын бұза алмады. Қос ұжым үзіліске 0:0 есебімен шықты.

Екінші таймда қарсыластар бір-бірінің қателігін күтіп бақты. Өкінішке орай, қосымша берілген уақытта қостанайлық Бауыржан Тұрысбек алаң иелерінің қақпасына гол салып, ең соңғы минутта жеңісті жұлып алды.

Айта кетейік, «Ертіс» турнир кестесінің төменгі жағында орналасты. Уақыт өте келе павлодарлықтар Премьер-Лигамен қош айтысу зонасына таяп барады.