«Ертіс-2005» халықаралық турнирде 7 ойында 34 гол соқты

03.04.2018
«Ертіс-2005» халықаралық турнирде 7 ойында 34 гол соқты

Жарыс қорытындысы бойынша «Ертіс-2001», «Ертіс-2004» және «Ертіс-2005» алтыннан алқа тақты. Тағы бір ұжым - «Ертіс-2003» жалпыкомандалық есепте төртінші орынға жайғасты. 

Жеңімпаз командалар сапында бірқатар футболшы жекелей аталымдар бойынша да марапатталды.

Айта кетейік, жеті ойынның барлығында жеңіске жеткен 2005 жылғы тәрбиеленушілер қарсыластардың қақпасына 34 гол салып, өз қақпаларына бірде бір доп өткізген жоқ.

- Бұл турнир бізге ел біріншілігінің басталуы алдында жақсы дайындық болды, - дейді «Ертіс-2005» командасының бапкері Бауыржан Сағындық. – Біз Қазақстан атынан қатысқан жалғыз команда болдық. Мәскеу мен Санкт-Петербург өңірлерінен келген қарсыластардың деңгейі жоғары болды. Сәуір айының соңында ҚР чемпионаты бастау алады. Байрақты бәсекеде лайықты өнер көрсетеміз деген ойдамын.

«Ертіс» ФК халықаралық турнирде жоғары деңгейдегі көрсеткішке жеткені үшін футболшыларға және олардың бапкерлері Алексей Сорокин, Вячеслав Казаков, Виталий Чурсин және Бауыржан Сағындыққа алғыс жариялайды.