Барнауылдық «Динамо» «ERG Кубогының» иегері

06.06.2018
Барнауылдық «Динамо» «ERG Кубогының» иегері

Павлодарда футболдан балалар арасындағы халықаралық «ERG Кубогы» турниры аяқталды.

 Оған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан елдерінен 8 команда, 128 жас спортшы қатысты: "Ертіс" ФО (Павлодар), "Красная звезда" (Омбы), "Сибирь" (Новосібір), "Спартак", (Новосібір), "Дордой" (Бішкек), "Бұхара" (Бұхара), "Динамо" (Барнаул), "Ертіс" СДЮСШОР (Павлодар).
Айналмалы жүйе бойынша өткен доданың жеңімпазы болып «Динамо» командасы танылды. Екінші орынға «Спартак» ие болса, павлодарлық «Ертіс» ФО командасы қола медельдерді місе тұтты.

Аталым бойынша жеңімпаздар:
"Ең үздік қақпашы" - Мадияр Төлеубек, "Ертіс"ФО.
"Ең үздік қорғаушы" - Артем Ельчининов, "Спартак".
" Ең үздік жартылай қорғаушы" - Тимур Белоусов, "Динамо".
" Ең үздік шабуылшы" - Эрхан Айдаров, "Дордой".
" Ең үздік ойыншы" - Гапур Мержоев, "Ертіс".
" Ең үздік бапкер" - Виталий Жилкин, "Динамо".

Жарысқа қатысушылардың барлығы спорттық заттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар ERG компаниясы жеңімпаздарға медальдер мен кубоктарды табыстады.

14 жыл бойы Еуразиялық Топ өз кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру меморандумдары бойынша жұмыс істеп келеді. Соңғы бес жылда (2013-2017 ж.) ERG Қазақстандағы қайырымдылық және демеушілікке 70 млрд теңге бөлді.

Соңғы ойын күн нәтижелері:
«Спартак» - «Дордой» 3:1
«Красная звезда» - «Сибирь» 0:1
«СДЮШОР Ертіс» - «Бұхара» 3:0
«Ертіс» ФО - «Динамо» 0:3

«Ертіс» ФК баспасөз қызметі